Қазақстан Республикасының тілдер күніне арналған онкүндік 6 - 17 қыркүйек аралығында өткізілді. Мақсаты оқушылардың сөз қорларын, білім деңгейлерін байқау; қазақ тілін,орыс тілін, ағылшын тілін оқып - үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, тіл тағдыры – ел тағдыры екендігін, өз тілін жетік біліп,қазіргі уақытта көп тіл білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, балаларды тіл білуге деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.6 қыркүйек күні «Ана тілім - ардағым» атты ашылу салтанатына орай қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Нұржан Айғожақызы флешмоб өткізді. Оқушылар бұл іс шарада белсенділік танытып, ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын, сөз қорларының мол екендігін байқатты, сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытты.
8 қыркүйек күні «Атаның сөзі-ақылдың көзі» көнерген сөздерді насихаттау мақсатында қойылым қойылды. Қойылымда 5-6 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті.Бұл қойылымның мақсаты балалардың сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге дағдыландыру, оқушылардың сөздік қорын дамыту, балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
13 қыркүйек күні кітапханашы оқушыларға Раимбекова Г.Қ «Ұлылардың ұлысы-Абай» кітап көрмесін ұйымдастырды.Мақсаты ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі және шығармашылғымен таныстыру. Безендірілуі:
Қызығып қатысқан оқушылар:
Балалар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, өз ойларын дұрыс жеткізе білді.