"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарабұлақ ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карабулак отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дублер күні

ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТУГЕ КЕЛГЕН БІЗДІҢ ШӘКІРТТЕР МЕКТЕПТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІН БІР КҮНГЕ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТТІ

 

«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» МҮШЕЛЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ДУБЛЕР КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ

 

     Қарабұлақ ауылының негізгі орта мектебінің 2023 жылғы 5 қазан күні өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» білім алушылардың өзін-өзі басқару күні ұйымдастырылды.

      "Мектеп Парламенті" мүшелері мектебіміздегі барлық сыныптардың топбасшыларымен бірлесе жоспар құра отырып, ұстаздар қауымының көңіл-күйлерін көтеріп, жүректерін нұрға толтырды. Парламент мүшелері таңертең мектеп оқушыларын қарсы алып, Қазақстан Республикасының Əнұранын орындап, ұстаздарды қарсы алып, мектеп əкімшілігінің, ұстаздардың атқаратын жұмыстарын өздері жасады.

      "Мектеп Парламенті" президенті Қалел Атанияз өз көмекшілерімен бірге мектебіміздің директоры Құсайынова Гүлден Естайқызының бастамасымен, директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Жазира Қанатқызының жетекшілігімен ұстаздардың бір күнін шаттыққа толы ету үшін жұмыс жасады.

      Жас жеткіншектердің шығармашылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін, коммуникативті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында атқарылған жұмыстар өзінің оң нəтижесін берді.

   "Мектеп Парламенті" президенті Асан Әділетке,  парламент мүшелеріне ұстаздарына тамаша көңіл-күй сыйлай білгендігі үшін шексіз алғыс айтамыз! Жақсылыққа толы жақсы күндерің көп болсын, əлемді өзгертуге келген біздің білімді шəкірттер!


Текст