Қарабұлақ аулының негізгі орта мектебінің
«Қауіпсіз интернет» ата-аналар жиналысына
Ақпарат
«Қауіпсіз интернет» жалпы ата-аналар жиналысының мақсаты: қауіпсіз интернетпен жұмыс жасауда ата-аналарға құқықтық, психологиялық, техникалық аспектілерін таныстыру. Семинар-тренинг барысында ата-аналар жиналыс тақырыбымен, өтілу ретімен таныстырылып, бұл семинар-тренингтен не күтетіндері жөнінде өз пікірлерін атап өтті. Семинар-тренингте ата-аналарға интернеттін құқықтық, психологиялық және техникалық аспектілерін презентация арқылы таныстырылып, ата-аналар тарапынан кері байланыс ретінде әр слайд бойынша мысалдар келтірілді. Тақырыпты бекіту ретінде ата-аналарға топқа бөлініп, интернет пен смартфонның зияны мен пайдасын интербелсенді тақтада жазу ұсынылды. Ата-аналар тапсырманы белсенді орындады.
Қорытынды: тренинг сонында ата-аналар бір-біріне тілек айтып, семинардан алған әсерлерімен бөлісті.