Бекітемін:
Мектеп директоры: /Исмаилов Б.К./
«Алтын күз»
кешінің бағдарламасы.
Өткізген: Құсайынова Г. Қ.
Алиманова А.С.
2017-2018 оқу жылы
Жүргізуші Гүлімай:
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады
Айтшы Жансұлу
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші Жансұлу:
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс Гүлімай
Күзде ғана болады.
Жүргізуші: Гүлімай
Көк аспаным мөлдіреп
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін,
Сары көйлегім желбіреп.
Айтшы Жансұлу бұл қай мезгілдің келгені
Жүргізуші Жансұлу:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Гүлімай бұл Алтын күздің келгені.
Жүргізуші Гүлімай:
Жүрегімнен шуақты жыр естіріп,
Жазым өтті отты тіл үлес қылып
Қарасам жан- жағыма күз келіпті
Сұрша бұлтқа күрсініс ілестіріп
Жүргізуші Жансұлу:
Күн де тұнжыр ала бұлт аспанымда,
Көңілім пәс, десем де баспа мұңға
Көктем – пейіл бәйшешек жыр іздесе,
Жазда өтіп кетіпті –ау қас қағымда
Жүргізуші Гүлімай
Күздің желі гуілдейді бір сарын,
Ұшсын желмен жүрегіме тұнса мұң.
Қоштасады шыр айналып жапырақ
Қоштаспасын тек жаздағы жыр- сағым
Жүргізуші Жансұлу:
Әр мезгілдің бар ерекше асылы,
Күзге, бірақ, көңілім сәл жасыды
Қалғытпа тек қысы – жазы жырымды,
Жаз- ғұмырдың жүректегі жасыны.
Армысыздар қымбатты Ханымдар мен
Мырзалар!
Жүргізуші Гүлімай:
Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар , жалынды да , жігерлі
жас достарым.
Жүргізуші Жансұлу
Берекелі де, мерекелі Алтын күз
мерекелеріңіз құтты болсын!
Мінеки табиғаттың ерекше құбылып,
айналымыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін,
сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған
сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.
Жүргізуші Гүлімай:
Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай.
Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі
асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған
Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпін.
Жүргізуші Жансұлу:
Күзде табиғат көрінісі жиі
өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі,жаңбыра жауады.
Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз, жемістер мен көкөністер піседі. Ал
маған кім жемістер мен көкөністер, күз
туралы әндер мен өлеңдерді айтып береді.
1 .Шағын орталық.
2. Бастауыш сынып оқушылары
Жүргізуші Жансұлу:
Туған табиғаттың тамаша бір
көрінісі күз мезгілі. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі.
Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып
өзгереді.
Ерте көктемнен іске кіріскен
адамдар алты ай жазғы еңбегінің жемісін күзде алады. Қырман толы бидай,
жеміс-жидек, көкөніс бәрі алғашқы суыққа дейін жинап алынады, сондықтан да «Күз- мереке, күз- береке» деп халық тегін айтпаса керек.
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Ән айтайық бәріміз, - деп келесі кезекте «Алтын күз» әнімен Дарияны ортаға
шақырамыз.
Жүргізуші Гүлімай: Ал балалар енді мен
сендерге ойын ойнатпақшымын
1- ші ойын ұйқасын тап теп аталады:
Көз алмай күнге алыс,
Қарайды… (күнбағыс).
Уылжыған албырт,
Дәмі ғажап…(алмұрт).
Бақта өскен сәні бар,
Гүлі майда көрікті.
Жемісі бар дәмі бал,
Жақсы көрем… (өрікті).
Көкте жарқылдап найзадай,
От шашты шатынап… (найзағай).
Өңеші кең таңдайын,
Дәнге тосты… (комбайын).
2- ші ойын көрермендермен:
Жемістерді тауып ата деп аталады
Жүргізуші Жансұлу:
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналанын бәрі алтын.
Кезегімізді әнге берейік . Мұқан Мерей
«Қолшатыр»
Жүргізуші Гүлімай:
Қош келдіңіз
көрермен,
«Аяулы күз, Алтын күз» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене - дей отыра оқушылармыздың дайындаған
"Алигарх"атты көрінісін
тамашалаңыздар.
Жүргізуші Гүлімай:
Қаңғалақтап
құлдилайды жапырақ,
Сарғыш тартып мынау дала, атырап.
Күн шуағын жинай алмай тұрғандай
Қатар-қатар шөмелеге шашып ап.
«Жылайды жапырақ» әнін орындайтын Теміртас
Жансұлуды қарсы алыңыздар.
Жүргізуші
Гүлімай:
Ойын: Көзін жұмып көкөністерді татып
дәмінен қай көкөніс екенін атап беру.
"Телефон" атты көріністі
тамашалаңыздар.
Жүргізуші Жансұлу:
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Аяулы күз, Алтын күз» атты кешімізге арнайы
дайындаған қыздардың сән үлгісін
тамашалаңыздар.
Ән: "Құстар қайтып
барады" орындайтын Жазира мұғалім.
Жүргізуші Жансұлу:
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осыменен аяқталды мерекеміз. Қош
сау болыңыздар.