"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қарабұлақ ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Карабулак отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Абайлаңыз балалар!"

16.11.2023

 Анықтамасы

 

     Қарабұлақ ауылының негізгі орта мектебінде , жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігін сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында    мектебімізде  2023 жылдың 1-10 қыркүйек аралығында   «Абайлаңыз, балалар!» онкүндігі өткізілді.

    Онкүндіктің іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді.

    Онкүндік барысында викториналар, семинарлар, тренингтер, сыныптан тыс іс-шаралар  ұйымдастырылды.

4.09.2023ж

      «Абайлаңыз, балалар!» онкүндігі аясында «Жол белгілері еліне саяхат» тақырыбында 2-ші сынып оқушыларының қатысуымен сурет салу акциясы ұйымдастырылды.

        2-ші сынып жетекшісі Бектасова Гүлнар Сербекқызы оқушыларға жолда жүру ережесі бойынша танымдық сабақтар өтіп, сурет салу акциясының жоғарғы деңгейде өтуіне белсене  атсалысты.

 5.09.2023ж

      «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» тақырыбында мектеп инпекторы мен сынып жетекшілер бірлесе түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

6.09.2023ж

     1-4 сынып жетекшілері «Назар аударыңыз, бағдаршам!», «Жол белгілері еліне саяхат», «Өтер жолда абай бол!» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.

    5-7 сынып жетекшілері «Жол белгісін білейік, аман-есен жүрейік», «Сақтық саулық негізі» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

     5-9 сынып жетекшілері «Басталар әр қадамың аттауменен, жол жүру ережесін сақтауменен», «Өмірімізді сақтайтын бағдаршам»  тақырыптарында сынып сағатын өткізді.

      Іс-шаралардың өткізілгендігі туралы мәлімет жазылып, фото есеп мектептің әлеуметтік парақшасына жүктелді.

Просмотров: 2377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст