Асыл қариялар
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету
адамшылықтың ең жоғарғы қасиеттерінің бірі. Қай халықтың болмасын
түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатқан
салт-дәстүрлерінің бір бөлшегі. Сол бір тамаша дәстүр бүгінгі күнге дейін
жалғасын тауып келеді.
Қашанда халықтың қазынасы саналатын
қарттар күні яғни қазан айы мектебімізде
қарттарға көмек
көрсету айлығы болып, бүгінде дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналып отыр.
Сарқылмас ақыл-парасат пен таусылмас
мол өнеге-өсиеттің шырағы ақ
сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты
әжелеріміз ешқашан ел құрметінен тыс қалған емес.
Биылғы жылы да айтулы мереке
аясында ауылымыздың мешітінде көп істер атқарылып, мектеп оқушылары
қарияларымызға құрмет көрсетті. Мектебіміз
ұжым
болып ат
салысып, біршама іс-шаралар өткіздік.
Мерейлі мереке қарсаңында Веденов селолық округінің әкімі Имамбаев Мақсат Илюбайұлы, Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Қожагулов Қанат Қайырбекұлы, Бурабай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жумагулов Малгелді Қайыржанұлы, Қарабұлақ ауылының негізгі мектебінің шағын аумағында тұратын он беске жақын қарттармен мерекелік кездесу өткізді. Мектебімізге мерекелік кеш ұйымдастырған мектеп директоры Исмаилов Бейсембай Кәкейұлы құрметті қонақтар мен құрметті қарияларды құшақ жая қарсы алып, Агро Есіл ЖШС-нің қолдауымен Қарабұлақ ауылының басшысы Жалмағанбетов Ғани Боранбайұлы мерекелік дастархан жайды.Қарттарға арнап
мектеп оқушылары тәлімгер Тасбулатов Айдар Жанбулатұлы
ұйымдастыруымен «Қарттарды қадірлеген ел
ардақты»- атты концерттік
бағдарлама өткізді.
«Төріңнен
қартың кетпесін»- деп
тілеген біздің дана
халық. Үлкендерге құрмет
көрсету, өзіңді өмірге
әкелген, тіршілігіңе нәр
берген ата-анаға сүйеу
болып, аялап бағып-қағу
біздің басты парызымыз.
«Қарты бар
үйдің-қазынасы бар»- деп халқымыз
ежелден-ақ, қарияларды құрметттеп
бағалаған. Жүздеріне жылы
күлкі ұялаған қариялардың
алғыстарына бөлену біз
үшін баға жетпес
асыл мұрамен тең.
Бар саналы
ғұмырын ұрпағына, егемен
еліміздің жарқын жетістіктеріне арнаған
асыл қарияларымызға мәңгілік
қарыздармыз, сіздердің даналықтарыңыз бен
қамқорлықтарыңызға, отбасының ұйытқысы
болып, әр шақырақтың
береке-бірлігін келтірген қайсарлықтарыңызға бас иеміз.
Сіздерге деген
алғысымыз шексіз. Егде
тартқан жастарыңыз еңселеріңіді
түсірмей , өмірлік күш-қуаттарыңыз ұзағынан
болып, тек жақсылықтарға ұласа
берсін.
Баршаңызға мықты
денсаулық , ұзақ ғұмыр тілейміз,
бала-шағаларыңыздың қызығына
тоймай отармызда асқар тауымыз болып
тәуелсіздіктің әрбір таңын
ұрпақтармен бірге қарсы
ала беріңіздер.
Біздің барымыз да,
нарымыз да сіздерсіздер
асыл қариялар!
Қарабұлақ ауылының
негіз гі мектебінің
тәрбие ісінің орынбасары
Құсайынова Гүлжан Қабыкенқызы
.